Онкология заболевание поджелудочной жел

Онкология заболевание поджелудочной жел

7семестр


Пәннің аталуы

М38.1. Ауылшаруашылы биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

АШБТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Биғара Т.С.

Доцент/оқытушы:

А.ш.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті бойынша

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Микроорганизмдер,өсімдіктер және жануарлар физиологиясы; Микроорганизмдер,өсімдіктер және жануарлар биотехнологиясы; Микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар селекциясы; Малдәрігерлік медицина биотехнологиясы пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Берілген пәнді оқытудың мақсаты биотехнологияның ауылшаруашылық саласындағы негізгі жетістіктерін жақсы меңгерген, яғни ауылшаруашылық культураларының өнімділігін арттыру, ауылшаруашылық жануарларын бактериалды дәрмектермен емдеу, сондай – ақ биотехнология мен бионженерия жетістіктерін агроөнеркәсіп өндірісінде қолдана білетін жоғары квалификациялы мамандарды дайындау болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер мазмұны: Дүние жүзінде және Қазақстанда ауылшаруашылық-тың даму жолдары. Молекулалық биология және молекулалық генетика – генетикалық инженерияның ілгерілік негізі. Генетикалық инженерияның ферменттері. Өсімдіктердің цианобактериамен симбиозы. Ақуыз биосинтезі және генети-калық деңгейдегі оның регуляциясы. Гендерді экспрессиялау-дағы биохимиялық регуляция. Биотехнологияда өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудағы биохимия-лық және генетикалық инженерияның маңызы. Азықтық ақуызды алу. Азықтық биомассаны алудың принціпттері. Бактериялардан ақуызды концентрат алу. Балдырлардан азықтық ақуыздар алу. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың ақуызы. Өсімдіктерден алынатын азықтық ақуыз концентрат-тары. Алмаспайтын аминқышқылы өндірісі. Лизиннің микро-биологиялық синтезі. Триптофанның микробиологиялық синтезі. Триптофанды алудың екісатылы сызбанұсқасы. Азықтық витаминді препараттардың өндірісі. В2 витаминінің азықтық препараттары. В12 витаминнің азықтық препарат-тары. Азықтық липидтер өндірісі. Микробты липиттерді алу-дағы технологиялық процестердің ерекшелігі. Ауылшаруашы-лығына арналған ферменттік препараттар. Ауылшаруашылы-ғында қолданылатын маңызды ферменттік препараттар. Ферменттік препараттардың мал дәрігерлігінде қолданылуы. Органикалық қалдықтардың биоконверсиясы. Биогаз өндірісі-нің технологиясы. Биоконверсия өнімдері. Биоконверсияға қажетті өсімдік шикізаты. Шикізатты өңдеу. Клетчатканы бұзатын микроорганизмдер. Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиялық баламалар. Биопестицидтер.Бактериальды, Саңырауқұлақты , Вирусты препараттар. Биогербицидтер. Биологиялық тыңайтқыштар. Азот биотыңайтқыштарын алу технологиясы. Биотехнология және биоинженерия жетістікте-рін агроөнеркәсіп өндірісінде қолдану. Малдәрігерлік медици-на. Ауылшаруа шылық өнімдерін өңдеу және сақтау. Қауіпсіздік және биоқауіпсіздік туралы түсінік. Генетикалы модифицирленген организмдерді қолдану,олардан алынатын өнімдерге мемлекеттік бақылау және инженерлік қызметтерді мемлекеттік реттелуін жүргізу. Биотехнологиядағы және биоинженериядағы стандартизация. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдерде биотехнология мен биоинженерияның қарқынды дамуына әлемдік қоғамның көзқарасы.

Практикалық сабақтар: Трансгенді өсімдіктерді селекцияда және өнім мақсатында қолдану технологиясы.Рекомбинантты ДНҚ құрастыру әдістері.Азықтық биомассаны алудағы технологиялық сызбаның негізгі сатылары. Азық сапасын толыққанды липидтер қүрамымен арттырудың негізгі жолдары. Мал шаруашылығында қолданылатын ферментті және микробты препараттардың биологиялық әсері. Мал шаруашылығында қиды өңдейтін және биогаз алатын қондырғылардың құрылысы мен жобалау әдістемесі. Биогаз қондырғысы параметрлерінің есептері. Ауылшаруа-шылығында органикалық қалдықтарды биоконвер-сиалауда биотехноло-гиялық әдістерді қолдану. Өсімдік селекциясында өсімдіктің қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық факторларға тұрақтылығын сақтауда биотехнология мен биоинженерияны қолдану.Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде және сақтауда қолданылатын биотехнологиялық әдістердің нәтижелері.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқудың барысында және емтихан тапсыру нәтижесінде студент биотехнологиялық әдістерді ауылшаруашылықта топырақ құнарлығын арттыру,жануарлар мен мәдени өсімдіктердің ауру қоздырғыштар мен зиянкестерге қарсы күресу, азық-түлік өнімдерін дайындау, оларды консервілеу және қоректік құрамын арттыру үшін дәстүрлі түрде қолдануды, қазіргі уақытта өсімдіктердің жаңа культивирленетін сорттарын шығару мен оларды таратуда биотехнологияның жаңа әдістері- жасушалық және генетикалық инженерияны қолдануды білуі тиіс.

Бақылау түрлері: ағымдағы, аралық, қорытынды (эмтихан).

7 семестр


Пәннің аталуы

М38.2. Фармацевтикалық өндірістің биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

ФӨБТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, курстық жұмыс, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Мамырбекова А.К.

Доцент/оқытушы:

Х.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті бойынша

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: бейорганикалық химия, органикалық және биоорганикалық химия, жалпы және молекулалық генетика, өсімдік биотехнологиясы, микробиология, жасушалық биотехнология, микроорганизмдердің биотехнологиясы.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің мақсаты: биосинтез, биологиялық трансформация, биологиялық және химиялық трансформация әдістерін бірге қолдану арқылы дәрілік препараттардың субстанцияларын, дәрілік заттардың, сонымен қатар профилактикалық және диагностикалық заттарды алу әдістерін өндеу туралы дағдылар меңгеру мен жүйелі білімді қалыптастыру, дәрілік заттарды пайдалану оның ішінде сақтау және тасымалдау, ақпаратты қолдану және тұтынушыларға биотехнологиялық препараттар туралы ақпаратты жеткізу туралы студенттердің жүйелі білімдерін қалыптастыру.

Компетенциялар: биотехнологиялық дәрілік заттарды дайындау дағдылары мен тәжірибе жүргізгенде жүзеге асыруды, шикізаттың, қоректік орталар, жартылай өнімдер мен соңғы өнімдердің сапасын бағалау жөнініде студенттердің білімдерін қалыптастыру, дәрітанудың әртүрлі сұрақтарды, оның ішінде өсімдік, жануар және минерал тектес табиғи шикізат материалдарды дәрілік препараттарға өңдеу, дәрілік заттардың синтезін, дәріханалық және өнеркәсіптік жағдайларда дәрілерді дайындау, дайындалған дәрілер мен дәрілік препараттарға жан-жақты анализ жүргізу, сонымен бірге фармацевтикалық өндірістің биотехнологиясын ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру.


Мазмұны

Дәрістер: Биомедициналық технологияның және дәрілер

технологиясының негізгі даму кезеңдері. Фармацевтикалық тех

нологияның қазіргі заманғы күйі және даму перспективалары,

фармацевтикалық өндіріс – био-технология дамуының негізгі ба

ғыттары. GMP, GLP, GCP қарастырылатын дәрілер өндірісін ұйымдастыру және сапасын бақылау ережелері. Биофармация фармацевтикалық технологияның негізгі ғылыми бағыттарының бірі ретінде. Биотехнологиялық әдістерімен дәрілік, профилактикалық және диагностикалық препараттарды алу. Биообъектілерді жетілдірудің генетикалық негіздері. Физиологиялық белсенді заттардың әртүрлі топтарына жата-тын рекомбинатты белоктар. Витаминдердің микробиологиялық синтезі және генетикалық инженерия әдістерімен штам-проду-центтерді конструирлеу. Антибиотиктердің өндірісі. Гидрокортизонның микробиологиялық синтезі. Пробиотиктер. Өсімдік жасушаларының дақылдары және дәрілік заттарды алу. Иммунобиотехнология.

Практикалық сабақтар: Биообъектілерді жасау және жетілдіру тәсілдері. Өндірістің биотехнологиялық жүйелері. Рекомбинантты ДНҚ технологиясы немесе гендік инженерия. Инсулиннің қазіргі заманғы биотехнологиялық препараттарын алу. Инсулинді идентификациялау және оның қауіпсіздігін бақылау әдістері. Интерферон. Интерферондарды алу. Витаминдердің биотехнологиясы. Жаңа антибиотиктердің негізгі кластары; қасиеттері; әсер ету механизмі; терапевтік мақсатта қолданылуы. Антибиотиктерді өндіру технологиялары. Жаңа антибиотиктерді іздеудің негізгі жолдары. Медициналық және ветеринарлық практикада моноклональды антиденелерді қолдану. Қазіргі заманғы иммунобиотехнологияның негізгі бағыттары.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Биотехнологиялық өндіріс биологиялық объектілер ретінде ферменттер, микроорганизмдердің жасушалары, өсімдік және жануар тектес жасушалар мен ұлпаларды қолданылуына негізделген.

Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).

7 семестр


Пәннің аталуы

М38.3. Ғарыштық биотехнология

Қысқартылған атауы

ҒБт

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ .

Семестр:

7 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Мамырбекова А.К.

Доцент/оқытушы:

Х.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті бойынша

Оқу түрі/академиялық сағ. саны

Дәрістер – 30, практикалыққ – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Математика, физика, биохимия, биотехнология өндірісінің негіздері, биотехнологиялық құрал-жабдықтар, молекулалық генетика.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің мақсаты: биологиялық қызметтердің және тірі ағзалардың молекулярлық құрылымымен таныстыру, жаңа ғарыштық биотхнологиялық өндірістер әдістері мен құрылыстары туралы түсінік беру.

Компетенциялар: тіршілік негізі туралы түсінік қалыптастыру, тірі ағза молекуларының байланысын түсіндіру, олардың ғарыштық биотехнологиялық өндірістегі орны туралы мәліметтер, наножүйелердің құрылысы мен құрылымының негізгі шарттарымен таныстыру, жаңа заманға сай нанотехнологияның бағыты мен бағдары туралы түсінік қалыптастыру.


Мазмұны

Дәрістер: Ғарыштық биотехнологиялық тәжірибелер мен зерттеулер. Ғарыштық биотехнологиядағы ғылыми аппаратуралар. Ғарыштық биотехнология мен авияғарыштық медицинадағы сұрақтар мен мәселелер.Кең таралған энергетикалық спектр қысқа зарядталған бөліктерінде биологиялық әрекеттердің ерекшеліктері. Клеткалық,ұлпалық,ағзалық негізде ғарыштық сәулелендіру. Ғарыштық ұшу факторларының әртүрлі биообьектілерге әсері. Микрогравитация жағдайында биологиялық заттардың жоғары сапалы кристаллдарын алу.Қазіргі заманғы микробиологиялық құрылғылар. Биосенсор. Биоқұрылғылар дайындау сатысындағы лазерлі технологиялардықолдану перспективасының дамуы мен шешу мәселелері. Голографиялық технологиядағы биокомплекстер. Биопленкалар. Естің голографиялық жүйесі. Лазерлі биотехнология. Биокомпьютеризация. Энзимосенсорлар. Нейрокомпьютерлер.

Практикалық сабақ мазмұны: Қазіргі заманғы өмірдің физико-химиялық негіздерінің .Жалпы қатынас теориясының қазіргі заманғы дамуы. Астро физикадағы рентген және гамма – лазерлері. Кванттық механиканың инженерлік ғылымға айналуы. Фемтоскопия – кванттық объектілерді өлшеу туралы ғылым. Гендік инженерияға кіріспе. Өсімдіктер биотехнологиясы. Ғарыштық биотехнология. Биотехнология және электроникаға арналған жаңа материалдар. Детерминизм, статистикалық заңдар, динамикалық хаос. Беттің фемтосекундты наноқұрылғысы.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқу және емтихан тапсыру барысында ақпараттық технологияның физикалық негізін,ғарыштық биотехнологияның бағыттарын білуі керек.

Бақылау формасы: ағымды, аралық, қорытынды (экзамен).


Источник: http://kzdocs.docdat.com/docs/index-572.html?page=...

Категории Витамины при заболеваниях печени
При еде головокружение признаки болезни
Какие препараты подавляют алкогольную зависимость.
Препараты от грипа не влияющее на печень
Пигментные сухие пятна на коже ребенка
Можели быть панос и запоры при простатите
В конце месячных бросила пить регулон, прошло кровотечения отмены
Рак кишечника симптомы жить здорово
Мне назначили от дисбактериоза нормазе
Тревожно-депрессивных расстройств у пациентов с гипертонической болезнью научная работа
Что значит если антитела к гепатиту есть но пцр отрицательно к гепатиту с
Калькулезный холецистит дифференциальный диагноз
Заболевания при которых встречается краниостеноз
Где в казани можно вылечить геморрой
Гирудотерапия и псориаз
Титановые пластины для позвоночника
Красить полиуритан
На ногах растут шишки что делать
Посоветуйте гастроэнтеролога в раменском
Помогает ли цитромон при шейном остеохондрозе
Потеря аппетита боль в печени